Бір тәулікте жүзге жуық адамнан коронавирус анықталды

Әлеумет
02.03.2023, 10:06

Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Бір тәулікте жүзге жуық адамнан коронавирус анықталды
Фото: pixabay.com

Бір тәулікте 96 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

2 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 651 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 115 пациент стационарда, 1 536 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр. Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сұхбат

PhotoRoom