Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Бір тәулікте 96 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
2 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 651 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 115 пациент стационарда, 1 536 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр. Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.