2023 жылдың қаңтарында елімізде 33 609 сәби дүниеге келді
Қазақстандықтардың саны 20 миллион адамға жуықтады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланды.
2023 жылдың 1 ақпанындағы ақпарат бойынша, елімізде 19 788 254 адам бар. Оның ішінде қалада 12 миллионнан астам адам тұрады, ауылда 7,5 миллионнан аса азамат бар.
2023 жылдың қаңтарында елімізде 33 609 сәби дүниеге келді, 12 147 адам қайтыс болды.