Сайлау күні астаналықтар автобуспен тегін жүреді

Аймақ
02.03.2023, 14:12

19 наурызда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтеді

Сайлау күні астаналықтар автобуспен тегін жүреді
Фото: Halyq Uni

19 наурыз – мәжіліс пен мәслихат сайлауы күнінде астаналықтар қоғамдық көлікпен тегін жүреді.

Сайлау күні елордада және қала маңындағы қоғамдық көліктерде жолақысын төлеудің қажеті жоқ. Автобустар өзінің әдеттегі кестесіне сәйкес, сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді, - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Ал 20 наурыздан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетері, әкімдік 2020 жылдың наурыз айынан бастап барлық кәмелетке толмаған бала үшін тегін жолақысын енгізген. Осы уақыт ішінде оқушылар 48 миллион рет тегін жүрген.

19 наурызда парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді: депутаттардың 70%-і партиялық тізімдер бойынша, 30%-і бір мандатты округтер бойынша сайланады.

Тегтер:
Сайлау Астана

Сұхбат

PhotoRoom