Қазақстанда тауар бағасы арзандауы мүмкін – қаржы министрі

Экономика
02.03.2023, 14:24

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бірқатар тауардың бағасы арзандауы мүмкін

Қазақстанда тауар бағасы арзандауы мүмкін – қаржы министрі
Фото: Halyq Uni

Алдағы 2-3 айда елімізге шетелден жеткізілетін тауарлардың бағасы арзандауы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Cенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер Ерұлан Жамаубаевтан  «Былтыр Қазақстанда барлық азық-түлік пен тауар бағасы қымбаттады. Оны доллардың теңгеге шаққандағы бағасының өсуімен байланыстырды. Қазір доллар арзандап жатыр, елдегі баға төмендей ме?» деп сұрады.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бірқатар тауардың бағасы арзандауы мүмкін.

«Арзандайды деп ойлаймын. Доллар бағамы өскен кезде импортталатын тауарлардың бағасы да өседі. Қазіргі жағдайға байланысты импортталатын тауар бағасы біртіндеп төмендейді деп ойлаймыз. Жалпы экономикадағы инфляция көрсеткіші төмендейді: қазір ол 20%-дан асты. 2-3 айдан кейін көрсеткіш төмендейді деген ойдамыз», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Сұхбат

PhotoRoom