Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны 40,5%-ға азайды

Аймақ
25.07.2020, 21:57

Елордада КВИ стационарларына түскен науқастар 50,3% азайған

Нұр-Сұлтанда пневмониямен ауыратындар саны 40,5%-ға азайды
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда 5 шілдеден бастап енгізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны 40,5%  (1348-ден 793-ке дейін) азайды. Сонымен қатар коронавирус стационарларына түскен науқастар саны 50,3%-ға азайды. Бұл туралы қала әкімдігің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Карантин шаралары, емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту және қала тұрғындарының санитария нормаларын қатаң сақтауы денсаулық сақтау жүйесіне, дәрігерлерге жүктемені айтарлықтай төмендетті. Жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны екі еседен астам азайды – тәулігіне 2400-ден 1129-ға дейін (52,3%). Соның ішінде КВИ бойынша – күніне 350-ден 112-ге дейін. Карантинге дейін, коронавирустың ауыр дәрежесімені науқастар медицина мекемелеріне бірінен соң бірі түсіп жататын – дәрігерлер физикалық, моральдық тұрғыдан өте ауыр тиді. Денсаулық сақтау мамандары әр науқас үшін соңына дейін күресті. Қазір ауыр науқастар саны азайды. Екі күн бұрын дәрігерлеріміз өкпесі 100%, 90% қабынған науқастарды емдеп шығарды. Азаматтардан карантин алынып тасталғаннан кейін де инфекцияның алдын алу үшін санитария нормаларын қатаң сақтауды сұраймыз», – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова. 

Осылайша, КВИ-ден емделіп шыққандар саны 67%-ды құрады – 9494 науқастың 6607-і сауығып шықты. Төсек-орын қорының жүктемесі 90%-дан 47%-ға азайды.

Сұхбат

PhotoRoom