Алматыдағы әскери институтта курсант қайтыс болды

Әлеумет
03.03.2023, 09:16

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Алматыдағы әскери институтта курсант қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Құрлық әскерлері әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсантының мәйіті табылды. Қайғылы жағдай 2023 жылдың 3 наурызында тіркелді. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.

Сұхбат

PhotoRoom