Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Құрлық әскерлері әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсантының мәйіті табылды. Қайғылы жағдай 2023 жылдың 3 наурызында тіркелді. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.
Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.