Ақтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінде бір жасар бала қайтыс болды

Аймақ
03.03.2023, 09:35

Бүлдіршінді жерлеуге әке-шешесі бармаған

Ақтөбеде ішімдікке салынған отбасының үйінде бір жасар бала қайтыс болды

Ақтөбе қаласының еріктілері ішімдік ішетін отбасынан 4 жасар баланы арашалап қалды, деп хабарлайды жергілікті «Диапазон» басылымы.

Еріктілер үйге кіргенде мас ересектердің арасынан ашқұрсақ 4 жасар бала мен табыттағы бүлдіршінді көрген.

«Zello Poisk» еріктілер тобы маскүнем отбасындағы балалардың жағдайын айтып, былтыр қазанда дабыл қаққан. Еріктілердің айтуынша, үйдің жағдайы өте нашар. Балалардың ата-анасы ішімдікке салынған.

«Полиция, жедел жәрдем және қамқоршылық органдарын шақырдық. Органның адамдары бұл отбасыға талай келген екен. 8 айлық және 4 жасар балаларды көршісі тамақтандырған. Балалар ап-арық, көздерінің асты көгеріп кеткен. Анасы бізге кенжесі тамақ жемейтінін, бірақ оны сумен және қантпен тамақтандырғанын айтты. Балаға тамақты өзіміз бергенде қомағайланып жеді», - деді ерікті Кэтрин Голотина.

Қазанда балаларды «Үміт» балалар үйіне алып кеткен, алайда қамқоршылық кеңес шешім шығарып, балалар көп ұзамай маскүнем отбасына қайта оралған.

Отбасының кіші баласы қайтыс болған. Еріктілердің сөзінше, отбасының үйіне барған кезде қан-жоса болған екі ер адам отырған.

«Төбелескен болуы мүмкін. Шешесінің алақаны кесілген. Ол бізге кіші баласының пневмониядан қайтыс болғанын айтты. Бүлдіршіннің табыты үйде тұр. Біз барлық құзыретті органдарды шақырдық. Әке-шешесінің баланы жерлеуге де мұршалары болмаған. 4 жастағы баласын алып кетейік деп жатқанымызда, ол қайтыс болған інісін оятып, өзімен бірге алып кетуді өтінді», - дейді еріктілер.

Бүлдіршінді жерлеуге әке-шешесі бармаған. Өмірге келмей жатып сөнген сәбидің денесін жанашыр жандар жер қойнына тапсырған.

Сұхбат

PhotoRoom