Раушан, хризантема және қалампыр: қазақстандықтар бір жылда қанша сомаға гүл сатып алды

Экономика
03.03.2023, 10:15

2022 жылы Қазақстанға 46,7 миллион долларға 6 690 тонна гүл әкелінген

Раушан, хризантема және қалампыр: қазақстандықтар бір жылда қанша сомаға гүл сатып алды
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанға жыл басынан бері 24,6 миллион дана гүл жеткізілді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2023 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна немесе 24,6 миллион дана гүл әкелінген. Ақпандағы жедел ақпаратқа сәйкес, оның құны – 9,5 миллион доллар.

Оның ішінде раушан гүлдеріне сұраныс жоғары. Елімізге құны 5,8 миллион долларға жуықтайтын, салмағы 799 тонна немесе 18 миллион дана гүл әкелінген. Екінші орында – хризантемалар (салмағы – 134 тонна немесе 2,4 млн дана гүл талы, құны – 1,3 млн доллар), үшінші орында – қалампыр (салмағы – 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны – 161 мың доллар) тұр.

Сонымен қатар лалагүл де жоғары сұранысқа ие. Оның 35 тоннасы 192 мың АҚШ долларына әкелінген. Басқа да жаңа кесілген 376,8 тонна гүл (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және т.б. экзотикалық гүлдер) 2,2 миллион долларға алынған.

Биыл гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен жеткізіліп отыр.

Өткен жылы да раушан гүлдері жоғары сұраныста болған. 2022 жылы Қазақстанға 46,7 миллион долларға 6 690 тонна гүл әкелінген.

Сондай-ақ өткен жылы қазақстандық раушан Өзбекстанда сұранысқа ие болып, 94 мың долларға 25 тонна гүл экспортталған.

Сұхбат

PhotoRoom