Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

Тұлға
26.07.2020, 11:53

Академикпен қоштасу шарасы 2021 жылдың 25 шілдесінде өтеді 

Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

Академик, экономист-ғалым Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды, деп хабарлайды бұрынғы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің кеңесшісі Майраш Тәйкенова.

«25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды. Өкінішке қарай, кең тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шаралары тура бір жылдан кейін, 2021 жылы 25 шілдеде өтеді», - деп жазылған Сағадиевтер отбасы таратқан хабарламада.

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996)

Сұхбат

PhotoRoom