Алматыда түнде қонақ қабылдаған екі кафе анықталды

Аймақ
26.07.2020, 18:45

Ол жерлерде 90-ға жуық адам уақыт өткізген

Алматыда түнде қонақ қабылдаған екі кафе анықталды
Фото: polisia.kz

Алматыда түнде қонақ қабылдаған екі кафе анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан. Түнгі тексеру кезінде 30 адам "Веселидзе" кафесінде уақыт өткізген, ал қабырғаның ар жағында орналасқан "Бакинский бульварында" 60-қа жуық демалушы анықталды.

Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды.

Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.

Тегтер:
Алматы

Сұхбат

PhotoRoom