Интернет арқылы ғашық болған астаналық «сүйіктісіне» 91 млн теңге аударған

Экономика
03.03.2023, 16:35

Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Интернет арқылы ғашық болған астаналық «сүйіктісіне» 91 млн теңге аударған
Фото: ашық дереккөз

Астанада интернет арқылы ғашық болған әйел сүйіктісіне 90 миллион теңгеден астам ақшаны жібере салған. Бірақ ер адам алаяқ болып шықты, деп хабарлады Астана қаласының соты.

Екеуі әлеуметтік желіде танысқан. Ер адам жаңа танысын бірден ұнатып қалғанына сендірді. Ал өзін зауыт директоры ретінде таныстырған. Бірақ кәсіпорын банкроттық сатыда тұрғанын айтқан.

Сосын жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап, ақшаға қатты мұқтаж екенін жеткізді. Әйел оған сеніп қалған. Сөйтіп, сүйіктісі ақшаны сұраған сайын онлайн-банкинг арқылы аударып отырды. Барлығы 91,6 миллион теңге жіберген.

Алаяқ ұсталды. Ер адам бес баланың әкесі болып шықты. Соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 91 миллион теңгеден астам ақша өндірілді.

Сотталған ер адам апелляциялық шағым да түсірген. Сол кезде кәмелетке толмаған 5 баласы бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Бірақ сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Сұхбат

PhotoRoom