Талғар ауданының әкімі пневмониядан қайтыс болды

Аймақ
27.07.2020, 10:29

Ол 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген, 4 баласы бар

Талғар ауданының әкімі пневмониядан қайтыс болды
фото: instagram.com/talgar_akimat/

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров өмірден озды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін таңертең Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды. Жолан Ыбрайахынұлы 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген, 4 баласы бар», - деп хабарлады.

Ол 2019 жылдың 13 қыркүйегінен бастап ауданға басшы болды. Талғар ауданында 280 мыңға жуық халық тұрады. 

Сұхбат

PhotoRoom