Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматы көз жұмды

Аймақ
04.03.2023, 10:34

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматы көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан шетелдік азамат қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Жол апаты 3 наурызда Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара Шымкент автожолында болды. Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан.

DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер:
Ақтөбе апат

Сұхбат

PhotoRoom