Сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан шетелдік азамат қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Жол апаты 3 наурызда Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара – Шымкент автожолында болды. Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан.
DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.