«Tamasha TV» телеарнасы хабар таратуын тоқтатты

Мәдениет
27.07.2020, 11:02

30 маусымнан бастап «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасы эфирге шығады

«Tamasha TV» телеарнасы хабар таратуын тоқтатты
Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Tamasha TV» телеарнасы 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.

«Телеарналар да тірі организм секілді. Уақыт өте келе, заман талабының жалына жармаса алмай, тіршілігін түзей алмағаны жабылып, орнына жаңасы ашылып жатады. Бұл – табиғи, қалыпты процесс. Ойын-сауық бағытындағы «Tamasha TV» телеарнасы жұмысын тоқтатып жатса, 30 маусымнан бастап «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасы эфирге шығып, халықпен қауышып отыр», - деп жазды ол.

Сондай-ақ министр алдағы уақытта мемлекеттік телеарналар қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау керегін айтты.

«Бұл тұста ең басты мәселе, алдағы уақытта мемлекеттік телеарналардың қай-қайсысында болсын, ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық бірлікті нығайту, еліміздегі саяси тұрақтылық пен қарапайым халықтың көкейіндегіні дөп басатын хабарлар дайындау бағытындағы жұмыстар одан әрі жандана түсетінін баса айтқымыз келеді», - деп жазды ол.

Сұхбат

PhotoRoom