Жасөспірімді зорлау ісі бойынша ақталып шыққан әйелге өтемақы төленеді

Аймақ
04.03.2023, 12:39

Сотта Аркадий Нидің қызбен ешқандай жыныстық қатынасқа түспегені анықталды

Жасөспірімді зорлау ісі бойынша ақталып шыққан әйелге өтемақы төленеді
Фото: Sputnik.kz

Ақтөбе облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Аркадий Нидің төңірегіндегі жанжал аяқталуға жақын.

2020 жылы ол 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны зорлады деп айыпталды, деп жазды Диапазон.

Алайда сотта Аркадий Нидің қызбен ешқандай жыныстық қатынасқа түспегені анықталды, қыздың анасы ақша табу үшін оған жала жапқан.

Қыздың анасы жала жапқаны үшін сотталды. Ер адам мен оның танысы іс бойынша ақталды.

Содан кейін ақталып шыққан әйел заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырағаны үшін 3 миллион теңге төлеуді талап етті.

Сот оған 2 млн теңге өтемақы тағайындады. Қаржы министрлігі бұл соманы республикалық бюджет қаражатынан төлейді.

Сұхбат

PhotoRoom