Карантин: Түркістан облысында үйлену тойы мен қыз ұзату жасағандар анықталды

Аймақ
27.07.2020, 12:41

Манкент ауылында тұрғындар дүркіретіп той жасамақ болған

Карантин: Түркістан облысында үйлену тойы мен қыз ұзату жасағандар анықталды
фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері карантин кезінде той жасамақ болған тұрғындарды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға бойынша 3 дерек тіркелген.

Манкент ауылында тұрғындар дүркіретіп той жасамақ болған. Бұл туралы Сайрам аудандық полиция департаментіне куәгерлер хабарлаған. Олардың айтуынша, ауыл тұрғындарының бірі үйінің алдына 50-ден аса қонақ шақырған. Бұл дерек нақтыланған соң, оқиға орнына тәртіп сақшылары барған.

«Карантин талабын өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Істің материалдары тиісті органға жіберілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Сайрам ауданының тұрғыны үйіне 20-дан аса қонақ шақырғаны анықталды. Ол ұлының үйленгенін тойлаған. Ал үшінші жағдайда тойдың иесі 15-тен аса қонақ шақырыпты. Ол қыз ұзату ұйымдастырған.

«Мобилдьді топ деректерді тексеріп, той өткізуге жол берген жоқ. Барлық материал Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жіберілді. Мемлекеттік орган тиісті шешімді қабылайды», - делінген хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom