Медсақтандыру қоры КВИ-мен алғы шепте жүріп күрескен дәрігерлерге 32 млрд теңгеден астам үстемақы төледі

Әлеумет
27.07.2020, 13:37

Үстемақы алғандардың саны бойынша 3-ші тәуекел тобының медицина қызметкерлері басым

Медсақтандыру қоры КВИ-мен алғы шепте жүріп күрескен дәрігерлерге 32 млрд теңгеден астам үстемақы төледі
Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл наурыздан маусым айына дейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Үстеме ақы үшін республикалық бюджеттен жалпы 38,1 млрд теңге бөлінді.

Ең үлкен соманы (42% немесе 13,4 млрд теңге) 2-ші тәуекел тобының қызметкерлері алады: провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлер, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері жұмысқа тартылған жағдайда алады. Ал, үстемақы алғандардың саны бойынша 3-ші тәуекел тобының медицина қызметкерлері басым, олар барлық медицина қызметкерінің 52%-ы немесе 80,5 мың адам.

Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстемақы алатын болса, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артты.

Қор басшысы өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатқан аурухана мен емханаларды қолдау үшін алғытөлем сомасын 50%-ға дейін арттырғанын айтты.

«Қазір аурухана мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Оларды қолдау үшін Қор алғытөлем сомасын 50%-ға дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендегенде базалық қаржыландыру жүргізіледі. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Сұхбат

PhotoRoom