Журналистерге жасалған шабуылдарды кім ұйымдастырғаны анықталды

Әлеумет
04.03.2023, 16:35

Аркадий Клебанов қамауға алынды

Журналистерге жасалған шабуылдарды кім ұйымдастырғаны анықталды
Фото: ашық дереккөз

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.

Сұхбат

PhotoRoom