Шавкат Рахмонов UFC жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Әлеумет
05.03.2023, 11:24

Рахмонов америкалық Джефф Нилді үшінші раундта  жеңді

Шавкат Рахмонов UFC жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC аралас жекпе-жек турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Рахмонов америкалық Джефф Нилді үшінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

Бұл оның UFC-дегі бесінші жекпе-жегі.
Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол әлі күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.
Ал Джефф Нил бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберіп отыр.

Жекпе-жектен кейін Рахмонов барлық қазақстандыққа және елімізде спортты дамытып жатқандарға алғыс айтты.

Сұхбат

PhotoRoom