7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотека алғандардың саны жарияланды

Экономика
05.03.2023, 12:10

Өтінімдердің басым бөлігі үш қалада мақұлданды

7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотека алғандардың саны жарияланды
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотека алған адамдардың санын жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, 2 наурызға дейін 7-20-25 бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді.

Барлығы 66 865 адамға ипотека берілді.

Өтінімдердің басым бөлігі үш қалада мақұлданды. Олар:

  • Астана – 23 777 адам (370,7 млрд теңге);
  • Алматы – 13 285 адам (203,7 млрд теңге);
  • Шымкент – 5 109 адам (62,1 млрд теңге).

Айта кетейік, бағдарлама 2018 жылы іске қосылды.

Жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған. Несие уақыты – 25 жылға дейін.

2023 жылы 7-20-25 бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлініп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom