Коваксин: Үндістанда КВИ-ге қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады

Әлем
27.07.2020, 14:29

Үндістанда СOVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 1,4 миллионнан асты

Коваксин: Үндістанда КВИ-ге қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады
фото: thelogicalindian.com

Үндістан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш рет адамдарға егіп, сынақтан өткізуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат AP агенттігіне сілтеме жасап.

Нью-Делидегі оқу ауруханасының жетекшісі Жалпыүнді медициналық ғылымдар институты жұма күні коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы сынамалық дозасын адамға салғанын мәлімдеді.

Коваксин вакцинасы - әлемдегі адамдарға сынақ жасалып жатқан жиырмаға жуық вакцинаның бірі. Жалпыүнді медициналық ғылымдар институты Коваксиннің екі фазалық Рандомизирленген, плацебо-бақыланатын, Коваксиннің қосарлы бақылау клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін медициналық зерттеулер жөніндегң Үндістанның медициналық зерттеу кеңесі таңдаған 12 мекеменің қатарына кіреді.

Айта кетейік, мұнда тәулігіне коронавирус жұқтырған 50 000 жағдай тіркелген.

Соңғы мәлімет бойынша, Үндістанда СOVID-19 індетіне шалдыққан науқастардың жалпы саны 1,4 миллионнан асты. Коронавирус инфекциясынан 32 771 адам көз жұмған. Оның 705-і жексенбі күні қайтыс болған.

Сұхбат

PhotoRoom