3 тамыздан кейін қандай шектеулер күшінде қала береді?

Әлеумет
28.07.2020, 09:41

Кинотеатрлар мен фудкорттарға, банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат жоқ

3 тамыздан кейін қандай шектеулер күшінде қала береді?
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3 тамыздан кейін қандай шектеу шаралары күшінде қалатынын айтты.

«3 тамыздан кейін мына тыйым күшінде қалуы керек: жаппай жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге, көңіл көтеретін мекемелерге, кинотеатрлар мен фудкорттарға, банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Мейрамханалар мен барлар, түнгі және ойын клубтары да әзірге жұмыс бастамайды. Мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысы жанданбайды. Конференциялар мен көрмелер, форумдар өткізілмейді. Спорт залдардың, фитнес-орталықтардың, бассейндер мен аквапарк пляждарының, діни нысандардың жұмысы басталмайды. Табиғи жолаушылар пойызы (жұмыс пойыздарын есептемегенде электричкалар) мен қала арасындағы автобустардың қозғалысы жанданбайды», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Алексей Цой қатаң карантин шараларының нәтижесі туралы айтты.

«Қатаң карантин шаралары енгізілгелі бері, яғни 5 шілдеден бастап үш аптаның ішінде КВИ жұқтырудың 35 951 жағдайы тіркелді. Жалпы қатаң шектеу шараларын енгізген сәттен кейін тіркелген жағдайлардың 29 пайызға азайғаны байқалады. Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жағдай күніне орташа есеппен 1600 адам деңгейінде тұрақталды. Сонымен қатар, төсек орындар 43 пайызға, жансақтау бөліміндегі төсек орындар 27 пайызға босады», - деді Алексей Цой.

Сұхбат

PhotoRoom