Дубай Қазақстаннан барған туристерді екі рет тест тапсыруға міндеттейді

Әлем
28.07.2020, 12:58

Дубайда коронавирус жұқтырған тұрғындары көп елдерге қатысты талап осындай

Дубай Қазақстаннан барған туристерді екі рет тест тапсыруға міндеттейді
Фото: ашық дереккөзден

Дубайға барғысы келетін қазақстандықтардың COVID-19 бойынша тест нәтижесі теріс болу керек. Сондай-ақ олар әуежайға келгенде коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тағы анализ тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Whatson.ae басылымына сілтеме жасап.

Бұл міндетті ереже 29 елден келетін туристер үшін 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес туристер екі рет тест: біріншісін ұшаққа отырғанға дейін, екіншісін түскеннен кейін тапсыру керек. Бұл - коронавирус жұқтырған тұрғындары көп елдерге қатысты талап.  

Екі тест тапсыруы керек мемлекеттердің тізімінде Қазақстаннан бөлек Ауғанстан, Армения, Бразилия, Бангладеш, Джибути, Египет, Эритрея, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Ливан, Черногория, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сербия, Сомали, ОАР, Шри-Ланка, Судан, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ бар.

Сұхбат

PhotoRoom