Тоқаевтың Ресей президентімен не туралы сөйлескені хабарланды

Әлеумет
06.03.2023, 16:06

Екі ел басшысы алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды

Тоқаевтың Ресей президентімен не туралы сөйлескені хабарланды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

 Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

Сұхбат

PhotoRoom