Шымкент: жол бойындағы қызмет көрсету сапасы артады

Аймақ
06.03.2023, 16:35
Шымкент: жол бойындағы қызмет көрсету сапасы артады

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары «Самал-Транзит» ЖШС жалғасты. Халықаралық автовокзал 2006 жылдан бастап Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарына қызмет етіп келеді. Қалааралық және қала маңындағы бағыттарға билеттер сату және жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді. «Самал» халықаралық автовокзалы Шымкент қаласының орталығында орналасқан. Автовокзал ғимараты автокөлікпен жолаушылар мен жүкті тасмымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес келеді. Автовокзалдың өткізу қабілеті тәулігіне 35 000-нан астам жолаушыны құрайды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тасмурзаев Абуали, Қайыпов Алмасходжа және AMANAT партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова автовокзал қызметкерлері мен қала қонақтарына AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың сауалына жауап берді.

«Адам өмір сүретін жағдайлар – абаттандырылған тұрғын үй, қолжетімді және сапалы ауызсу, тұрақты жылу және энергиямен жабдықтау, ауаның тазалығы, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі, қоқыстарды сапалы жою, интернетке қол жеткізу және байланыс өмір сүру сапасы үшін бірдей маңызды. AMANAT партиясы лайықты өмір сүру жағдайын жасау үшін бар күшін салады», - деді сөз бастаған Гүлжайна Жақайқызы.

Сонымен қатар, болашақ халық қалаулысы AMANAT партиясының мақсаты – жолдардың, қоғамдық көліктің сапасын жақсарту, әуе және теміржол жолаушыларына ыңғайлы жағдай жасауды назарда ұстайтынын да жеткізді.

Кездесу барысында халық тарапынан түрлі ұсыныстар мен шағымдар да тіркелді. Сөз соңында кандидат наурыздың 19 жұлдызында өтетін сайлауға белсенді қатысып, жетекші партияны қолдап дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom