Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қыз елге оралды

Әлеумет
06.03.2023, 17:33

Сыртқы істер министрлігі отандасымызға елге жетуге көмектескен

Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қыз елге оралды
Фото: ашық дереккөз

Түркияда 6 ақпан кезінде болған жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық Сабина Мамадиярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ол ауруханада жатқан кезде біздің консул үнемі байланыста болды. Қыздың жанында туыстары болды. Қазір ол Қазақстанға оралды, бірақ өзін мазаламауды өтінді, - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Оның айтуынша, сыртқы істер министрлігі отандасымызға елге жетуге көмектескен. Сабина Анталья – Алматы рейсімен ұшып келді.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын зілзала болды. Салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, жарақат алды. Жер сілкінісі кезінде Қазақстанның төрт азаматы жоғалып кеткен болатын.

Кейін үш қазақстандықтың мәйіті үйінді астынан табылды. Тағы бір қазақстандық Сабина Мамадиярова тірі табылды, оның қолы сынған. Отандасымыз ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.

Сұхбат

PhotoRoom