Биыл Түркістанда құны 39 млрд теңге тұратын туристік кешеннің құрылысы аяқталады

Аймақ
28.07.2020, 17:59

Кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады

Биыл Түркістанда құны 39 млрд теңге тұратын туристік кешеннің құрылысы аяқталады
фотолар: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүріп жатқан әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің  баспасөз қызметі хапбарлайды.

Облыс басшысы Түркістан қаласындағы басқармалар ғимараты мен драма театры, Қ.А.Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника мен жиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы жалғасып жатыр.

«Құны 39 млрд теңге тұратын туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтіледі», - деп хабарлайды.

Сұхбат

PhotoRoom