Астанада мерекеге орай әлеуметтік төлемдер беріледі

Экономика
07.03.2023, 09:39

30 мың адамға 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі

Астанада мерекеге орай әлеуметтік төлемдер беріледі
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 30 мыңға жуық адам біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, Халықаралық әйелдер күніне орай елордада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, соның ішінде аз қамтылғандаа, барлығы 30 мың адамға 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.

«Төлем Астана қаласы бойынша «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тізімдері негізінде жүргізіледі», - делінген ресми хабарламада.

Сұхбат

PhotoRoom