Шымкентте үш ауысымды мектептер саны азайды

Аймақ
29.07.2020, 10:14

Қалада апатты жағдайдағы бір мектеп қалды

Шымкентте үш ауысымды мектептер саны азайды

Биыл Шымкент қаласында 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нәтижесінде, апатты жағдайдағы мектептердің саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.

Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім нысанының құрылысы жүргізілсе, оның ішінде 4 мектеп құрылысы келер жылға қалдырылды. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетханалар орнатылып, іске қосылды. Ал мектеп парталары 18 000-ға дейін жаңарып, соңғы үлгідегі бақылау камералары мен 30 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда.  

Сұхбат

PhotoRoom