Шымкентте тиімді мөлшерлемемен мыңнан аса пәтер беріледі

Аймақ
07.03.2023, 09:49

Биыл қалада 11 шақырымнан астам автожолдарды жөндеу жоспарланған

Шымкентте тиімді мөлшерлемемен мыңнан аса пәтер беріледі
Фото: ашық дереккөз

Үкіметте өткен кеңесте премьер-министр Әлихан Смайыловтың 27 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

Кеңеске қатысушылар «Сайрам» елді мекенінде сумен жабдықтау объектілерін, Алматы тас жолы бойындағы «Тұран» магистральдық кәріз коллекторын салу және қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады.

Осы жылдың өзінде 11 шақырымнан астам автожолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша 2023 жылы ұзындығы 9 шақырым жылумен жабдықтау желілерінің әбден тозығы жеткен жерлерін реконструкциялау басталады. Бұдан басқа әкімдік Спортивный шағын ауданындағы қазандықты реконструкциялауды және жаңа сорғы станциясының құрылысын жоспарлап отыр. Алдағы екі жылда көп қабатты тұрғын үйлер салу бойынша да қажетті шаралар қабылданады.

Олардың қатарында Бозарық (1 640 пәтер) және Ақжайық (780 пәтер) шағын аудандары бар.

Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін «Отбасы банкі» желісі бойынша тиімді мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үй беру жалғасады, атап айтқанда, жыл соңына дейін 1 мыңнан астам пәтер тапсырылмақ.

Тегтер:
Шымкент пәтер

Сұхбат

PhotoRoom