«АМАNАТ» партиясы қарапайым азаматтардың мәселесін шешеді

Аймақ
07.03.2023, 13:35

«Сейнұр» ЖШС еңбек ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасы  таныстырылды

«АМАNАТ» партиясы қарапайым азаматтардың мәселесін шешеді

Ақмола облысында «АМАNАТ» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Сейнұр сайлауға барады!» деген ұранмен «Сейнұр» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кандидаттар жиналғандарға алдағы сайлау туралы еске салып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Ыбырай Дуанбай партия бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыттарды атап өтті: бұл – білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы реформалар, халықтың жағдайын жақсарту, тұрғын үйлер мен жолдар салу және т.б.

Әдетте, кандидаттар сайлау алдында белсенділік танытады, бірақ «АМАNАТ» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрақты жұмыс істейді. Мұнда адамдар өздерінің проблемасы, тілегі, тапсырыстары және ұсыныстарымен келеді. Сондай-ақ партия мүшелері мұқтаж жандарға, әдетте, өз қаражаттарымен жан-жақты көмек көрсетеді, - деп баса айтты кандидаттар.

Партияның сайлауалды тұғырнамасына сәйкес шешілетін облыс орталығы тұрғындарының мәселелері де айтылды. Олар сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару, балаларды балабақшамен қамтуды арттыру, үш ауысымда оқытуды жою, медициналық кадрлар тапшылығы мәселесін шешу және т.б.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Наталья Нагачевская партия жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды. Ең алдымен, ел болашағының артында жастар тұр.  Қазақстан жастардың саны жөнінен дүние жүзінде екінші мемлекет екенін, сондықтан барлық назар халықтың осы бөлігіне жасалатынын айтты.

Осы мақсатта партия бағдарламасында жастардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру, оқуға бөлінетін шәкіртақы мен грант санын көбейту, жаңа жатақхана салып, жұмыспен қамту мәселелері қарастырылған.

Сонымен ауылдық жерлерде кадрлық қамтамасыз етуді қолдау аясында жас мамандарды көтеруді үшін 10 миллион теңгеге дейін  қаражат бөлуді арттыру жоспарланып отыр.

Кандидаттар «Әр буын облыс, жалпы ел өмірінде маңызды рөл атқарады. Дивансыншы болмаңдар, азаматтығыңды көрсетіңдер! Мәселелер туралы айтудан және оларды шешу жолдарын ұсынудан қорықпаңыз! Және өз еліңіздің белсенді азаматы болыңыз, 19 наурыз күні сайлау учаскесіне келіп, лайықты кандидатқа дауыс беріңіз! Қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бар күш-жігерін жұмсайтын «АМАNАТ» партиясын қолдаңыздар!», деп партия мүшелерін сайлауға келуге шақырды.

Автобус қызметкерлерін Ақмола облысындағы жолдардың сапасы алаңдатады.

Атап айтқанда, Красный Яр ауылына апаратын жолды кеңейту және жөндеу жұмыстары жүргізілу керек пе деген сауалдар қойылды. Үміткерлер биыл жол жөндеуге қомақты қаржы бөлініп отырғанын, сондықтан алдағы уақытта Краснояр жолын абаттандыру  қажет екенін атап өтті.

Соңында жиынға қатысушылар партия өкілдеріне қолдау білдіріп, «Сейнұр сайлауға барады!» деп ұрандатты.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom