Кандидаттар Көкшетау қаласының орталық базарында тұрғындармен кездесті
«АМАNАТ» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер көкшетаулықтармен кездесуін жалғастырып жатыр.
Партиялықтар Көкшетау қаласының орталық базарында болып, жергілікті тұрғындармен және кәсіпкерлермен әңгімелесті. Азаматтарға облыстың сайлауалды бағдарламасы таныстырып, қосымша ақпараты бар парақшалар таратылды.
Партиялық тізім бойынша үміткерлер Ыбырай Дуанбай, Наталья Нагачевская және Сұлтанбек Бекешев қала тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауыл шаруашылығы мен тұрғындарды жермен қамтамасыз етудегі өзекті мәселеге баса назар аударды.
Ақмола облысы – еліміздің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 11,7 пайызды құрайтын негізгі ауыл шаруашылығы аймақтарының бірі. Қазір облыс тұрғындарының 44 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Олардың негізгі табыс көзі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу.
Партиялықтар облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдап, дамытып, тұрғындардың табысын одан әрі арттыруға күш салатындарын жеткізді.
Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу мәселесі де көтерілді. Ұсынылғандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жедел қорын ұйымдастыруға бақылауды қамтамасыз етуге және бағаны ұстап тұруға көмектесуге уәде берді.
Көптеген сатушы әңгімені ықыласпен тыңдап, сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.
Тұрғындардың барлық тілегі мен пікірін партия өкілдері жазып алып, алдағы уақытта ескерілетін жеткізді.
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАNАТ» партиясының сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.