Елордада құрылыс материалдары өртенді

Аймақ
29.07.2020, 11:49

Өрт салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ

Елордада құрылыс материалдары өртенді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы теміржол вокзалы аумағында өрт шығып, құрылыс материалдары жанып кетті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін сағат 10:38-де өрт сөндіру қызметіне Жиенқұлова көшесі 12/2 мекенжайында өрт шыққаны жайлы хабар жетті. Оқиға орнына 6 минуттан кейін өрт сөндірушілер барды. 150 шаршы метр ашық алаңқайда құрылыс материалдары (поддон, пеноплекс) жанған. Сонымен бірге құрылыс материалдары тұрған 40 тонналық контейнердің бір бөлігіне зақым келген. 11:01-де өрт толық сөндірілді», - делінген хабарламада.

Департаменттің хабарлауынша, өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ.

Сұхбат

PhotoRoom