Министр жаңа мектептер әрбір өңірде салынатынын атап өтті
Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға жетпістен аса мектеп салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажетті құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады, - деді Бейсембаев үкімет кулуарында.
Министр жаңа мектептер әрбір өңірде салынатынын атап өтті. Бұған дейін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге білім беруді қолдау қорына түскенін хабарлаған еді.