AMANAT партиясы сапалы білімнің қолжетімді болуын көздейді

Аймақ
07.03.2023, 15:47
AMANAT партиясы сапалы білімнің қолжетімді болуын көздейді

AMANAT партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Шымкентте ғылыми қауымдастық өкілдерімен және педагогтармен кездесті. Кездесу барысында партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асхат Аймағамбетов бастаған топ мүшелері ұстаздарға «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

А.Аймағамбетовтың айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасында қоғамдағы өзекті мәселелер мен халықтың ұсыныс-пікірі ескерілді. Партия сапалы білім мен медицина қолжетімді болуын көздейді.

Ел аумағында партия кемінде 1,2 миллион оқушы орнын және балабақшаларда 300 мың орын ашуды қамтамасыз етеді. Жөндеуді және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда еліміздегі үш мың мектеп толық жаңғыртылады.

Ал, Шымкент қаласында 2025 жылға дейін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 25 мектеп ашу көзделген. Алдағы жылы қаладағы 3 ауысымды мектептер мәселесі де толығымен шешімін табады деп күтілуде.

Сонымен қатар, аманаттықтар Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерімен және «Бақытты жанұя» орталығына келушілермен жүздесті.

«AMANAT – еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы, билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ, қазақи қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан, мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын...» деп жоғары баға берген болатын. Міне, осы сөздің дәлелі ретінде Шымкент шаһарында жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүруін айтуға болады», – деді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Біржан Байтуов.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сұхбат

PhotoRoom