Бас партияның Қызылорда облысы бойынша бірінші орынбасары тағайындалды

Аймақ
30.01.2015, 09:13

Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов болды.

Наурызбай Байқадамов Қызылорда педагогикалық институтын тәмамдаған (қазіргі – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті), тарих ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары Наурызбай Байқадамов оқытушы, кафедра меңгерушісі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының орынбасары болып жұмыс істеген.
2007 жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Соңғы уақыттары Қызылорда облыстық әкімшілігінің Білім басқармасына жетекшілік етті.   
Осыған дейін партияның Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Өлмесхан Болатбеков «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалы Саяси кеңес Бюросының ұсынысымен және берген арызына сәйкес қызметінен босатылды. 

Сұхбат

PhotoRoom