АМАNАТ: Ақмола облысында туризмді дамыту мәселелері қаралды

Аймақ
09.03.2023, 11:22
АМАNАТ: Ақмола облысында туризмді дамыту мәселелері қаралды

Ақмола облысы Бурабай ауданында АМАNАТ партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың «Бурабай Даму» ЖШС-нің еңбек ұжымымен партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша үгіт-насихат кездесуі өтті.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткер Қалел Рахматулин жиналғандарды алдағы сайлау туралы еске салып, АМАNАТ партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Баяндамашы бағдарламада еліміздің ең өзекті мәселелері қамтылғанын, партия мүшелері білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй жағдайын жақсарту, инфрақұрылым салу, ауызсу сапасын арттыру салаларында туындаған мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын ұсынып отырғанын айтты.   Үміткер туризм және ауыл шаруашылығы мәселелеріне толығырақ тоқталды.

Осылайша, сайлауалды бағдарламасына сәйкес партия курорттық аймақтардағы инженерлік инфрақұрылымның жағдайын, демалыс аймақтарының экологиялық жағдайын жақсартуға, туристік нысандарды салу мен қайта жаңартуға, шығындарды жыл сайын субсидиялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге назар аударады.

«Бұл 2027 жылға қарай   отандық туристер санын арттыруға мүмкіндік береді, бұл қызмет көрсету және ойын-сауық секторын, сабақтас салалар – сауда, көлік, қоғамдық тамақтандыру және тұтастай алғанда дамытуға мультипликативті әсер етеді. Осы салада алты мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған», - деп бөлісті спикер.

Атап өткендей, бүгінде облыс тұрғындарының 44 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Олардың негізгі табыс көзі – ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу. Дегенмен, ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы көтеру қажет.

Партия мүшелерінің күш-жігері облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдау мен дамытуға, ауыл еңбеккерлерінің табысын одан әрі арттыруға бағытталатын болады.

Ұсынылған бастамалар жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуі, негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын төмендету арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал етеді.

Депутаттыққа үміткер жиналғандарды дұрыс таңдау жасап, қоғам мен мемлекет игілігі үшін қызмет ететін АМАNАТ партиясының өкілдерін алдағы сайлауда қолдауға шақырды.

«Біз барлығын елде болып жатқан процестерге сырттан бақылаушы болмауға шақырамыз. 19 наурызда өтетін сайлауға келіп, АМАNАТ партиясының кандидаттарына, ал бізбен бірге жаңа Қазақстан үшін дауыс беріңіздер!», – деп шақырды.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АМАНАТ» партиясының сайлау қорынан төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom