Мемлекеттік комиссия Тоқаевтың карантинді созу туралы тапсырмасын қарады

Жаңалықтар
30.07.2020, 13:41

Кеше Мемлекет басшысы карантин мерзімін тағы 2 аптаға ұзартуды тапсырды

Мемлекеттік комиссия Тоқаевтың карантинді созу туралы тапсырмасын қарады
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысының карантиндік шараларды ұзарту және карантиннен кейінгі кезеңге дайындық жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал, халық пен бизнесті қолдау шаралары туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Н. Әбдірахманов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев баяндады.

Үкімет басшысы алдағы екі апта ішінде өз қызметін уақытша тоқтатқан экономика салаларының қызметін қалпына келтіру бойынша жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын әзірлеу тапсырылды.

Ең көп зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау шарасы ретінде несие төлемдерін осы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады.

Премьер-министр бизнес субъектілерінің қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітуді, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық ережелерді сақтауына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

Кәсіпорынның жұмысына салынған тыйымды алып тастау алгоритмі кәсіпкерлерді тіркеуді және «Info Kazakhstan» электрондық платформасында қызметті қайта бастауға өтінімдер қабылдауды қамтиды. Әкімдік, СЭҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері мен жұртшылық өкілдерінен құралған Комиссия тексергеннен кейін бизнес субъектілеріне қызметін қайта бастауға электрондық рұқсат беріледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне коронавирус инфекциясының алдын алу және ақпараттандыруды арттыру бойынша мобильді қосымшаларды енгізу тапсырылды.

Сұхбат

PhotoRoom