AMANAT партиясының кандидаттары тігін фабрикасының ұжымымен кездесті

Аймақ
08.03.2023, 18:29
AMANAT партиясының кандидаттары тігін фабрикасының ұжымымен кездесті

Қарағанды қаласында «Amanat» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесулер өтуде. «Amanat» партиясынан депутаттыққа кандидаттар «ӨИК «Ютария ltd» ЖШС тігін компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде партияның жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту жөніндегі міндеті, сондай-ақ бизнес үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәселе көтерілді.

ҚР Мәжіліс депутаттығына Кандидат Бауыржан Смағұлов бұл мәселе «AMANAT» сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, өнеркәсіптің барлық салаларын көтеру елдің дамуы үшін маңызды мәселе болып табылатындығын ескерді.

«AMANAT партиясы үшін жеңіл өнеркәсіпті қолдау басым бағыт болып табылады, «Amanat» партиясы машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте жүздеген жаңа ірі және орта кәсіпорындар құруға ұмтылатын болады. Жыл сайын кемінде 40 мың сапалы, жақсы төленетін жұмыс орны ашылады, сондай-ақ өнеркәсіптің барлық түрлерін ынталандыру саясаты жалғасады», - деді кездесуге қатысушыларға Бауыржан Смағұлов.

Қатысушылардың барлық ұсыныстарын үміткерлер тыңдап, олардың жеке бақылауына алды.

Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сұхбат

PhotoRoom