Қазақстан ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

Жаңалықтар
30.07.2020, 16:24

ДДСҰ оны сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидаттық вакцина ретінде тіркеді

Қазақстан ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіліп жатыр

Коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты көптеген елдер COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды жедел түрде жасай бастады. Бұл ретте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурыз айының ортасынан бастап вакцина әзірлеуге кіріскен.

Өте қысқа уақыт ішінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде 9 мамырда БҚПҒЗИ ғалымдары алғашқы вакцинаны шығарды. 15 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) оны сайтында клиникаға дейінгі сынақтарға арналған кандидаттық вакцина ретінде тіркеді.

ДДСҰ-да тіркелген күні зертханалық жануарларға вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтары басталды: сызықтық тышқандар, сириялық хомяктар, егеуқұйрықтар, гвинея шошқалары, паромдар мен қояндар және т. б. Бүгінгі таңда сынақ нәтижелері ДДСҰ регламенттеген барлық параметрлер бойынша, атап айтқанда - уыттылық, пирогенділік, аллергенділік, иммуногендік, вакцина ДДСҰ мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.

Сонымен қатар, ғылыми институт вакцинаны антиденелер титрі жоғары иммуногенділікті көрсеткен приматтарда да сынақтан өткізіп жатыр.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, БҚПҒЗИ қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу үшін 13 биологиялық қауіпсіздік зертханасында жұмыс істейтін еліміздің жетекші вирусолог-ғалымдарын біріктіреді.

Сұхбат

PhotoRoom