Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқандар некелесті

Аймақ
30.07.2020, 16:56

Қалыңдық некелесу рәсімінде өзі тіккен көйлекті киді

Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқандар некелесті
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ОВ-156/16 мекемесінде неке қию рәсімі өтті. Жазасын өтеуші Татьяна мен сотталған Вадим өзара келісім, жанашырлықпен қоныс колониясының қабырғасында некелерін қидырды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. 

Татьяна 2018 жылы сотталып, үш жылға бас бостандығынан айрылған. Ал, Вадим болса, екі жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатыр.

Бұған дейін мекеме қызметкерлері Татьянаның өтініші бойынша оған ажырасу туралы куәлік алуға көмектесті. Ол бұрынғы күйеуімен ажырас туралы куәлігін 14 жыл жүріп ала алмаған екен.

Мекеме қызметкерлері Татьянаға таңертеңгі тексеруден кейін отрядқа оралып, некелесу рәсіміне дайындалуға рұқсат еткен. Шашын сәндеуге құрбылары көмектесті. Жақында мекемеде макияж және шаш үлгісі бойынша онлайн оқыту курстары өткізілген екен.

Ал, Вадимнің қолында қалыңдыққа арналған букет гүл бар, бұл букетті колонияда жазасын өтеп жатқан ер адамдар ұйымдастырған. Семей қаласының АХАЖ қызметкері мекеменің мәжіліс залында салтанатты түрде неке қию іс-шарасын өткізді. Жаңадан некесін қиған рлі-зайыптыларды колония қызметкерлері құттықтады.

«Осыдан бір жыл бұрын Вадим колонияға келгенде таныстық. Ажырасқаннан кейінгі 14 жыл үзілістен кейін қайтадан махаббатымды таптым, бұл маған өмірдің барлық қиындықтарын жеңуге және бізді дұрыс бағытқа бағыттауға көмектеседі. Мен мұндай мекемеде тұрмысқа шығамын деп ешқашан ойламаппын. Ол маған мамыр айында ұсыныс жасады. Мен үшін бұл керемет болды», – дейді Татьяна.

Вадим басқа облыста тұрады және шілде айының соңында босатылады. Татьяна әлі бір жыл мекемеде жазасын өтейді.  Алайда, Вадим сүйіктісі үшін Ақтөбе қаласынан Семей қаласына көшіп келуге, сүйіктісін мүмкіндігінше жиі көріп тұру үшін осында (Семей – ред.)жұмысқа тұруға дайын. Оның айтуынша, ата-анасы оның таңдауына қарсы емес. Жастар босатылғаннан кейін дүркіретін үйлену тойын өткізуді жоспарлап отыр.

«Қоныс колониясында жазасын өтеп жатқандар белгілі бір шектеулерге қарамастан толыққанды отбасын құрып, жазасын өтеп, өмір жолын реттеуге, балаларды дұрыс тәрбиелеуге мүмкіндігі бар. Біз жастарға жаза мерзімін бұзбай өтеп, бостандыққа шығып, өмірде лайықты орын табуды тілейміз, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Сұхбат

PhotoRoom