Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды – Үкімет

Әлеумет
30.07.2020, 17:43

Мемлекеттік комиссия Тоқаевтың тапсырмасына қатысты мәлімдеді

Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды – Үкімет
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда карантин шаралары тағы екі аптаға ұзартылды. Мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданған бұл шешім жайлы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

«Елімізде жағдай жақсарып қалғанымен босаңсуға ешбір негіз жоқ. Карантин шараларын тағы екі аптатаға ұзарту туралы шешім қабылдады», - деді ол ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, 29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантин режимін тағы 2 аптаға ұзартуды тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom