Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің тең жартысы беріледі

Әлеумет
30.07.2020, 18:35

Қазақстанда карантин режимі шамамен 17 тамызға дейін созылады

Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңгенің тең жартысы беріледі
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда карантин шаралары тағы екі аптаға ұзартылды. Мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданған бұл шешім жайлы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Карантин режимінің тағы 2 аптаға созылуына байланысты журналистер «42 500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем тамыз айына да беріле ме?» деген сұрақ жолдады. Оған вице-премьер Ералы Тоғжанов жауап беріп, тамыз айында 42 500 теңге емес, оның жартысы берілетінін айтты.

«Бұл мәселеге қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар: екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда бұрынғы соманың жартысы, яғни 42 500 теңгенің жартысы – 21 250 теңгеден беріледі. Бұл соманы біздің азаматтар міндетті түрде алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom