Бүгін AMANAT партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Қалыйма Жантөреқызы, Рабиға Қуатбекова және Арыс қалалық сайлауалды штабының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков бастаған сенімді өкілдер Арыс локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен кездесті. Аталған жиында ұжым қызметкерлеріне AMANAT партиясының 10 бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт құралдары таратылды.
Кездесу барысында сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреқызы ұжымға алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарды таныстырды. Сонымен бірге, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың ұсыныс-пікірлері аясында даярланғанын жеткізіп, еліміздегі еңбек адамдарының мәртебесі мен табысын арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін түсіндірді.
«Бүгінде елімізде көптеген саяси және әлеуметтік реформалар іске асырылып жатыр. Соның бірі – қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі мен табысын арттыру. Бұл тұрғыда AMANAT партиясы да көптеген жоспар құрып отыр. Мәселен, алдағы бес жылда біз ірі кәсіпорындардың құрылуына атсалысып, 143 мың жұмыс орнын құрмақпыз. Бұл ел тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, әлеуметтік ахуалын көтеруге сөзсіз ықпал етеді», - деді Қалыйма Жантөреқызы өз сөзінде.
Сонымен бірге, штаб өкілдерімен кездескен теміржолшылар толғандырған сұрақтарына жауап алып, еңбек адамдарының ахуалын жақсарту тұрғысындағы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ал, жиында айтылған мәселенің барлығы партияның назарынан түспейтінін жеткізген кандидаттар мен сенімді өкілдер азаматтарды алдағы саяси додаға белсене қатысып, жарқын болашақ үшін AMANAT партиясына дауыс беруге шақырды.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.