Әйелін ұрған еркектер 10 жылға сотталуы мүмкін

Құқық
09.03.2023, 17:03
Әйелін ұрған еркектер 10 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Сенат кейбір қылмыстар бойынша жазаны күшейтуге арналған заңды қабылдады. Соның ішінде тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар да бар.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің жүгі артады.

Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) мен ауырлығы орташа зиян келтіру (Қылмыстық кодекстің 106-бабы) әрекеттері бойынша жаза күшейтіледі.

Жәбір көрген адамның материалдық жағынан тәуелді болғаны да ескеріледі.

Материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген сараптама белгілері де қаралады. Осылайша, қылмыстың ауырлығы мен санкциялары артады, - деді Ахметжанов сенатта өткен отырыста.

Қылмыстық кодекстің 107-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша онша ауыр емес қылмыстар ауырлығы орташа санатқа ауыстырылады. Ал жазасы 3 жылға бас бостандығынан айыруға дейін күшейтіледі. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 106-бабы (ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша жаза өзгереді.

Мәселен, қазіргі кезде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оны 6-10 жылға дейін ұзарту жоспарланып отыр.

Сенат заңды бірден екі оқылымда қабылдады. Құжат президенттің қол қоюна жіберілді.

Сұхбат

PhotoRoom