Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды

Құқық
27.03.2023, 10:59

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды
фото: ашық дереккөз

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды.

Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

10 наурызда Күдебаевқа сот үкімі шығуға тиіс болған. Алайда сотталушының сот отырысына келе алмауына байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Содан кейін сот үкімі 20 наурызда шығады деп хабарланды.

Алайда сот процесінің кейінге шегерілгені белгілі болды. Оған нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Сұхбат

PhotoRoom