Мұғалімдер күні енді 5 қазанда өтеді

Әлеумет
10.03.2023, 09:37

Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды

Мұғалімдер күні енді 5 қазанда өтеді
Фото: Halyq Uni

Елімізде педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда тойланады. Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

Сұхбат

PhotoRoom